Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері

15.05.2026

«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының 2 курс 20 тобы студенттері арасында «Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты — студенттерге жазғы демалыс, саяхат және жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.

Кураторлық сағат барысында суда демалу кезіндегі, ыстық күндері көшеде жүру кезіндегі, саяхат пен белсенді демалыс уақытындағы негізгі қауіпсіздік ережелері қарастырылды. Жол қозғалысы ережелерін сақтау, электр құралдары мен тұрмыстық техниканы дұрыс пайдалану, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелеріне ерекше назар аударылды. Студенттерге денсаулықты күту, күн тәртібін сақтау және дұрыс тамақтанудың маңызы туралы ескертілді.

Сонымен қатар жазғы тәжірибе мен уақытша жұмыс кезіндегі сақтық шаралары талқыланды. Білім алушыларға санитарлық талаптарды сақтау, жұмыс орнындағы қауіпсіздік техникасын орындау және өз қауіпсіздігі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау қажеттігі түсіндірілді.

Кураторлық сағаттың соңында студенттер қауіпсіздік ережелерін сақтау — денсаулықты қорғаудың, жақсы демалыстың және жазғы каникулды сәтті өткізудің кепілі деген қорытындыға келді.



Текст
Виртуальная приемная